
№249 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы № 119 бұйрығы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6952
болып тіркелген
«Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2010 жылғы
22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6061 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 маусымдағы № 158 (26219) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ерікті біліктілік тестілеу (бұдан әрі – еркі бойынша тестілеу) – мерзімінен бұрын біліктілік санатты жоғарылату және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу рәсімінің бір түрі;»;
9-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өтінішінің негізінде;»;
2) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;»;
3) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші білікті санаты бар, облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4) екінші біліктілік санатына:»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіптік орта оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі) «үздікке» бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық қызметінің өтілі бар тұлғалар;»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өндірістен педагогикалық қызметке ауысқан және кемінде екі жыл бейіні бойынша өндірістік өтілі бар тұлғалар;»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бірінші біліктілік санатына:
екінші біліктілік санаты және педагогикалық қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
екінші біліктілік санаты және педагогикалық қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;
өндірістен педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша кемінде үш жыл өндірістік өтілі бар тұлғалар;
6) жоғары біліктілік санатына:
бірінші біліктілік санаты бар облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
бірінші біліктілік санаты бар облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
бірінші біліктілік санаты бар аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, магистр академиялық дәрежесін, философия докторын (PhD) немесе сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторлық алған тұлғалар;
өндірістен педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша кемінде бес жыл өндірістік өтілі бар тұлғалар жедел аттестаттаудан өткен тұлғалар жедел аттестаттаудан өтеді.»;
14-тармақтың:
бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын;
«Педагог қызметкерлерді аттестаттау педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылау арқылы жүргізіледі.»;
екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін алдағы оқу жылында аттестаттаудан өту үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.»;
үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру ұйымдарының алқалық шешімімен ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұсынылады.»;
оныншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет нәтижелерін талдамалық қорытындылау, білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиялары келесі жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, білім басқармаларының аттестаттау комиссиялары келесі жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында өткізеді.»;
он үшінші бөлімінде:
«,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнаулы пәндерінің педагог қызметкерлеріне осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.» деген сөздер алынып тасталсын;
он бесінші бөлім мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«Мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын жоғарылататын немесе растайтын тұлғалар ерікті біліктілік тестілеуден өтеді.»;
15-тармақта:
екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапкершілік облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне және Ұлттық тестілеу орталығына жүктеледі.»;
16-тармақта:
үшінші бөлім алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. «Ерікті біліктілік тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тест сұрақтарының саны 60-ты құрайды:
1) Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу - 20 сұрақ;
2) педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;
3) пәндік білім негіздері - 20 сұрақ;
Тестілеу уақыты жалпы 120 минутты құрайды, математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерін тестілеудің жалпы уақыты 135 минутты құрайды.»;
26, 27-тармақтар алынып тасталсын;
34-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы өтініштерді қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлер тізімінің құрамын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылуды жүргізеді. Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарын беру немесе растау туралы шешімді шығарады».;
37-тармақта:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлердің әрқайсысына аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуі шығарылады:»;
екінші бөлімі алынып тасталсын.
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне аттестаттау нәтижелері бойынша берілген біліктілік санатына сәйкес жалақы төлеу деңгейін оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгілейді.»;
Ережеге 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне 6-қосымша алынып тасталсын;
Ережеге 7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Ережеге 8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Ережеге 9-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздері
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
ДИРЕКТОРЫ

Нақан Күлзипа
Пержанқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіздер!



