top of page
  • Facebook Basic Black
  • Twitter Basic Black
  • Flickr Basic Black
  • Pinterest Basic Black
  • Instagram Basic Black

Мектептегі  ақпараттық –библиографиялық қызмет

барысы

    «Жақсы кітап – жан азығы». Кітапхана – ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы.

    Мектеп кітапханаларының өз ерекшеліктері мен өзгешілігі бар. Бір жағынан олар жалпы кітапхана нормалары мен қағидаларын ескерсе, келесі жағынан, қазіргі замағы мектептің оқу-тәрбие үрдісінің талаптарын басшылыққа алады.

     Бүгінгі кітахана өз уақытының деңгейінде болып, мектептің дамуына үлгеріп, оған оқушыларды тәрбиелеуде белсене көмектеседі.

 

Кітапхана жұмысының бағыттары:

         *Ақпараттық, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру;

         *Білім беру урдісінде оқырмандарды ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету;

         *Оқырмандардың қызығушылығын, қажеттілігін анықтау;

         *Ақпараттық- библиографиялық қызметпен қамтамасыз ету;

 

Кітапхана міндеттері:

*Мектеп бағыты мен ерекшілігіне сай

   оқу-тәрбие ісін толық қамтамасыз ету мақсатында кітап қорын ұйымдастыру, жинақтау, сақтау;

*Бәсекеге қабілетті ұрпақтың терең білім алуына жағдай жасау;

*Оқушылардың коммуникативтік және ақпараттық біліктері мен дағдыларын дамыту;

*Ұлттық саясатты  насихаттау, қалыптастыру және оның қолданылуын, сақталуын ұйымдастыру;

*Білім беру урдісінде оқырмандардың танымдық әрекетін белсендіру мақсатында ақпараттық қызмет көрсету;

*Біртұтас ақпараттық кітапханалық жүйені қалыптастыру, автоматтандыру жұмыстарын кеңейту.

 

Бүгінгі мектеп кітапханасы:

*Ақпараттық, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру орталығы;

*Жарыққа шыққан ғылыми, тарихи, әдеби шығармаларды және қазақ жазушыларының еңбектерін насихаттау орталығы;

*Оқу-тәрбие үрдісін әлеуметтік-психологиялық, нұсқаулық-әдістемелік мәселелер бойынша жетелейтін ақпараттық орталық;

*Білім беру саласындағы қазіргі басылымдардың орталық банкісі;

Көркем, оқу,ғылыми әдебиеттердің бай қоры.

 

            Қорымызға алынатын әдебиеттер ең бірінші оқу мақсаттарын шешу құралы ретінде қолданылады. Кітапхана бұл ретте күнделікті көмек көрсетуге және тиімді оқуға, оқу-тәрбие үрдісінде жәрдем беретін дәнекерші болып шақырады. Оқырманның сұранысын дер кезінде қанағаттандыру үшін, кітап қоры дұрыс ұйымдастырылуы қажет. Кітап қоры ББК кестесі бойынша,оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай және басты тақырыптарына сай орналастырылған.

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
DSC_5831
DSC06099
DSC06146
DSC06168
DSC06207
DSC06059
DSC06065
Слайд6

№249 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ  

 2017 ЖЫЛ

bottom of page