top of page

          №249 мектеп-лицей бойынша оқушылардың танымдық қызметін белсендіретін жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды енгізу бағытында жүйеліжұмыстар жүргізілуде. Ұжым мүшелері интернет жүйесі арқылы озат мұғалімдермен тәжірибе алмасып, жаңа ақпараттық технологияларды күнделікті сабақ үдерісінде қолданып келеді. Қазіргі таңда пән мұғалімдері оқу процесінде «Деңгейлеп саралап оқыту»,«Модульдік оқыту» технологиясын, СТО әдістерін,«Сатылай кешенді талдау» әдістемесін, «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесін», «Ақпараттық коммуникативті технологиялар», «Деңгейлі бағдарламаларды » пайдаланады.

Қашықтан оқыту жүйесі арқылы пән мұғалімдеріүздік сабақ үлгілерін көрсетіп, аудан, облыс мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері «British Bulldoq Teachers Contest» халықаралық тестілеуге қатысып, жақсы нәтиже көрсетті, арнайы дипломмен марапатталды.Бастауыш сынып, қазақ, орыс, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері республикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен интернет олимпиадаға қатысып, жүлдегер атанды.

   21 мұғалім «Нәтижеге бағытталған білім беру мазмұнына сәйкес жаратылыстану математика,қоғамдық-гуманитарлық пәндерін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн режимінде білімдерін жетілдірді.

  Оқу үрдісінде электрондық оқыту жүйесі қолданылады, электронды оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер білім беру стандартына сәйкес жасалуда. Пән мұғалімдері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін тиімді пайдаланып, электронды оқулықтармен жұмыс жасауда. Оқушылардың жас ерекшелік деңгейіне қарай компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында 2-6 сыныптарда «Компьютерлік сауаттылық» курсы жүргізіледі. 

 Сапалы білім беруді  қамтамасыз ету мақсатында нақты  жұмыстар жүргізу көзделген. Білім берудің   мазмұны  мемлекеттік  стандартты  меңгертуден, мектеп  компонент  есебінен  таңдау, оқушы  компоненті  есебінен жеке,  топтық,  факультативтік  сабақтар,  үйірме  жұмыстары,  ақпараттық  технология  арналарын  пайдалану,  ғылыми – көпшілік  әдебиеттерді  қолдану, «Дарын»  РҒПО  материалдарын  пайдалану,  ғылыми  зерттеулер  жүргізу, оқушылар  үлгеріміне  талдау  жасаудан  тұрады. Оқудың  нәтижесін  бақылау  мақсатында  мерзімдік  сынақтар  алу, аудиторлық  тексеру,  кешенді  тестілеу  жұмыстары  жүргізілуде.

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
DSC_5831
DSC06099
DSC06146
DSC06168
DSC06207
DSC06059
DSC06065
Слайд6

№249 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ  

 2017 ЖЫЛ

bottom of page