top of page

                                  Оқушылар , Сіздер үшін!

          Емтихан кезіндегі және оған дейінгі іс-әрекет жайлы кеңестер

  1. Емтиханнан бір күн бұрын жақсылап демалуға, емтихан жайлы ұмытуға тырысыңыз. Егер бір нәрсені оқуға үлгермесеңіз, оқып аламын деп тырыспаңыз.

  2. Емтихан алдында міндетті түрде жақсылап ұйықтап алыңыз.

  3. Міне, сен сынып бөлмесінің алдындасың. Сабаңды бас! Бірнеше рет: «Мен сабырлымын! Мен сабырлымын!» деп айтыңыз. Алдыңғы қатардағы тапсырушылармен бірге кіріңіз. Соңына қарай емтиханды тапсыруға қорқып тұрған сыныптастарыңмен қала берсең өзіңді де қысым, сенімсіздік, қорқыныш сезімдері басып кетеді.

  4. Өзіңнің эмоцияларыңды ретке келтіріп, өз ойыңды жинақта.

  5. Сыныпқа бәрі ойдағыдай болады деп сенімді түрде кір.

  6. Арқаңды тіктеп, жайлы отырып ал. Өзіңді бәрінен де жоғары, ақылды деп ойлап, сенде бәрі ойыңдағыдай болатынына сен. «Мен сабырлымын, мен сабырлымын!» деген сөзді асықпай қайталап айт. Ойыңды жоққа шығарудың керегі жоқ ол шектен тыс қысым пайда болуына әкеліп соқтырады. Соңында қолыңды жұдырыққа қыс.

  7. Қысымды алып тастау үшін мына қосымша жаттығуларды жаса:

  8.       - ыңғайлы отыр;

  9.       - мұрын арқылы терең демал (4-6 секунд)

  10.       - деміңді тоқтат (2-3 секунд)

  11. Тест жұмысын орындаудың ережелерін артынан артық сұрақ қоймас үшін мұқият тыңдап ал. Саған бланкты қалай толтыру керек екенін, қандай әріптермен жазу керек екенін, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін т.б. барлығын түсіндіреді.

  12. Өз-өзіңді жинақтап, жан-жағыңдағыларды ұмытуға тырыс. Сен үшін тек сағат, тест жұмысын орындауға берілген регламенттік уақыт және бланк пен тапсырмалар ғана маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқып шық. Тапсырманың басын оқып, қалғанын өзім түсініп аламын деп асықпа.

  13. Барлық сұрақтарға қарап шығып, өзің жауабына күманданбайтын сұрақтан бастап белгіле. Сол кезде жұмысты орындау үшін бір қалыпқа түсесің. Кез келген тестте өзің жауабын білетін сұрақтар болады. Тек сен ойыңды жинақтауың керек.

  14. Жаңа тапсырманы орындайтын кезде алдыңғы тапсырманы ұмыт. Тест жұмысында бір-бірмен байланысты сұрақтар болмайды.

  15. Сызып тастау әдісін пайдалан. Кезегімен сәйкес келмейтін жауаптарды сызып таста.

  16. Егер жауабыңа сенімсіз болып, таңдау жасай алмасаң, ішкі сезіміңе сүйеніп жауаптың біреуін таңда.

  17.  Ең болмағанда бір көз жүгіртіп, кеткен кемшіліктерді жөндеу үшін,өзіңнің жұмысыңды тексеруге міндетті түрде уақыт қалдыр.

  18. Барлық сұраққа жауап беруге тырыс, бірақ есіңде болсын, тәжірибеде бұл дәлелденбеген. Тесттік тапсырмалардағы қиындық ең жоғары деңгейге есептелген. Сондықтан, жақсы баға алу үшін 70% тапсырманы орындаған жеткілікті.

Психолог кеңесі:

  • Өз өміріңізде мазасыздықты мүлде болдырмау үшін үнемі бір нәрсемен айналысу керек. Жұмыс бастылық – жабырқаудың бірден бір емі.

  • Шарасыздықты қабылдаңыз. Егер сіздің жағдайды өзгертуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда өзіңізге: «Бұл солай болды, басқаша болуы мүмкін емес» деңіз.

  • Ешқашан қас-жауларыңыздан кек алуға тырыспаңыз, олай болатын болса, сіз өзіңізге одан бетер зиян келтіресіз. Одан да мына ережені ұстаныңыз: өзіңізге ұнамсыз адамдар жайлы ешқашан ойламау.

  • Жан тыныштығы, жау жүректік, денсаулық пен үміт жайлы ойлаңыз. «Біздіңөміріміз – біз нені ойласақ, сол». Осыны естен шығармаңыз!

  • Үрей мазасыздықты тудырады. Егер өз үрейлері мен мазасыздықтарын жоя білетін болса, дәрігерлерге жүгінетін пациенттердің 70%-ының өздігінен емделіп кетулеріне мүмкіндіктері бар.

  • Қатал ақиқатты өмірге бейімделуге күйі жоқ, мазасы кеткен және әбден титығына жеткен адам өзін қоршаған ортамен барлық байланысты үзіп, өзі ойдан шығарған әлемге еніп кетеді.

  • Егер қырсық сіздің соңыңызға түсіп, тығырыққа тірейтін болса, онда: «Егер мен өз мәселемді өзім шеше алмайтын болсам, одан өткен жаман бар ма?» деп өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз. Өз ойыңызда шарасыз жағдайға бойұсынған болсаңыз,онда сол тығырықтан шығудың жолын ойша ойластырыңыз.

  • Мазасыздық, өз-өзіне сенбеушілік біздіңөз-өзімізді бағалаумен тығыз байланысты.

  • Адам ең алдымен өзін-өзі сыйлап, өзін-өзі жақсы көруі керек, содан кейін барып басқаларды сыйлап, жақсы көруі керек. Ойды дамыту жолдары.

1. Ақылды болғың келсе, мағыналы сұрақ қойып үйрен, мұқият тыңдай біл, байсалды жауап бер және басқа айтарың болмаса үндемей қал.
2. Ой күшінсіз білімді алу мүмкін емес, сонымен қатар ойда білімсіз дамымайды.
3. Ойды дамыту – бұл өз ақыл-ойыңды біліммен толтыру. Білім көздері алуан түрлі: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар: заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпараттар береді.
4. Ой сұрақтардан басталады. «Неге?»,және «Қалай?» деген сұрақтар арқылы барлық жаңалықтар ашылды. Сұрақ қоюды және оған жауап іздеуді үйрен.
5. Әзір стандартты шешімдер қалған нәтиже бермесе ғана, ой белсенденеді. Сондықтан ойдың дамуы үшін заттар мен құбылыстарды әр қырынан көре біліп, жаңа нәрсені байқай білу керек.
6. Зат пен құрылыстың әртүрлі белгілерін байқау, және оларды салыстыра білу – ақыл-ойдың қажетті қасиеттері.
7.  Адам объектінің әртүрлі белгілерін көре білетін болса, онда оның ойы икемді және жетілгенін білдіреді. Бұл икемділікті тапқырлыққа айналған ойындарда, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштар арқылы жаттықтыруға болады.

 

 

 

Өзіңді  жақсы  көресің  бе?

 

Сұрақтарға  мүмкіндігінше  тез,  көп ойланбастан «иә» немесе «жоқ»  деп жауап бер. 

 

  1. Өзіңді осы қалпыңда жақсы көресің бе?

  2. Сәтсіздік сені қудалай бере ме?

  3. Шешім қабылдамас бұрын айналаңдағылардың пікіріне жүгінесің бе?

  4. Ұйықтар алдында осы күнгі барлық қылықтарың мен сөздеріңді қайта бастан кешіру жиі бола ма?

  5. Басқа біреу егер сенің орныңда болса, өзін  қалай ұстайтынын жиі елестетесің бе?      

  6. Өзіңді көзіңше мақтаған кезде ұяласың ба?

  7. Сен ұзақ уақыт жалғыздықта бола аласың ба?

  8. Сенің көңіл-күйің материалдық жағдайыңа байланысты ма?

  9. Бір нәрсенің жамандыққа соқтыратынын алдын ала сезесің бе?

  10.  Өз сезіміңді айтып жеткізу - саған проблема  ма?               

                     2 - 9 сұрақтарға «жоқ» деген жауапқа -  5 ұпай,

                      1 және 10  сұраққа «иә» деген жауапқа - 3 ұпай

           

                                 Сауалнаманың нәтижесі

                              

0-10 ұпай

 

Сен өзіңді тіптен жақсы көрмейсің. Жамандық күту-сенің қалыпты жайың.Бұл күтулердің жиі болып тұратыны таңқаларлық емес. Өзіңді жек көретін сәттер болады және осының нәтижесінде асығыс және қате шешім қабылдайсың. Саған өзіңе көбірек сану керек!

 

11-34 ұпай

 

Саған өзіңді жақсы көру туралы тақырыпта ойлану маңызды емес. Мүмкін сен мұның қаншалықты қажетті екенін білмеген де боларсың. Сен өз қабілеттеріңді толықтай және қажетінше көп пайдаланбайсың, кемшіліктер мен сәтсіздіктерге көңіл бөлесің. Тек өзіңдікіне емес, өзгелердікіне де. Осындай сәттерде өзіңді жақтырмау сезімі сенің басқа адамдарға көңіл бөлу және жақсы көру мүмкіндіктеріңе кедергі келтіреді.

 

35-50 ұпай

 

Сен өзіңнен де басқаның абыройын бағалай аласың. Бұл саған қарым-қатынаста көмектеседі және дау-жанжалдан аулақ болуға мүмкіндік береді. Сен өзіңнің барлық кемшіліктеріңді жақсы білесің, бірақ олар үшін бұғып қалмауды үйренгенсің. Олар саған өзіңді жақсы көруге кедергі жасамайды, өйткені сен оған лайықтысың. Ал мұның өзі көбінесе сенің табыстарыңды айқындайды және қуанышты көңіл күй сыйлайды.

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
DSC_5831
DSC06099
DSC06146
DSC06168
DSC06207
DSC06059
DSC06065
Слайд6

№249 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ  

 2017 ЖЫЛ

bottom of page