top of page

                                             Тестілеуге өтініш беру

  • Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 10 наурыздан 25 сәуірге дейін береді.

  • Өтінішті өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырады.

  • Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;

  • 2 фотосурет (3х4 өлшемді)

  • Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:

  • мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;

  • тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.

  • Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда Сізге ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып беруге болады.

  • Тіркелу анықтамасын алғаннан кейін аты-жөніңіздің, әкеңіздің атының дұрыс жазылғанын тексеріңіз, себебі бұл мәліметтер сертификатқа және білім беру грантының куәлігіне жазылады және жеке басыңызды куәландыратын құжатқа сәйкес келу қажет.

  • ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.

  • ҰБТ нысанында тапсырылатын мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.

  • Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті, олар одан кейін қосымша шығармашылық емтихан тапсырады.

  • Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған бітірушілер үшін таңдау пәні бекітілген тізбеге байланысты таңдалып, ары қарай арнайы емтихандар (психологиялық тестілеу және педагогикалық жағдайды шешу) өткізіледі.

  • ҰБТ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.

  • ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

  • Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.

  • ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша бағаланады және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағаға ауыстырылады.

  • Баллды бағаға ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша жылдық баға есептелген орташа арифметикалық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөңгелектеу көтеру жағына жасалады.

 

                       Тестілеудің  мерзімі мен ұзақтығы

  • Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.  

  • ҰБТ-ның басталу уақыты  – сағат 09.00.

  • ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.

  • Тестілеудің алғашқы және соңғы сағаттарында аудиториядан шығуға тыйым салынады. Қалған уақыттарда аудиториядан дәліз кезекшісімен бірге шығуға болады.

                     

 

                                      Тестілеудің нәтижелерін жариялау

  • Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң ҰБТӨП ақпараттық қабырғаларында емтихан ведомостерін ілу жүзеге асырылады. Берілген ведомостерде бітірушілердің тегі мен аты-жөні, әкесінің аты  ЖСН-ға ауыстырылған.

  • ҰБТӨП-те емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады. Бітірушіге нәтижесін сайт арқылы көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажет.

 

                                             Апелляция

  • Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті бітіруші тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік ішінде қарастырады.

  • Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасы болуы керек.

  • Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсету қажет.

 

                                                      Сертификат

  • ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі:

  • ҰБТ нәтижесі туралы сертификат;

  • жалпы орта білім туралы аттестат.

  • Сертификаттың жарамдылық мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.

  • Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.

 

                                                    Білім беру гранты

  • Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің баллдары ескеріледі.                        

  •  Конкурсқа қатысу үшін 50 баллдан («Жалпы медицина» мамандығы үшін 65 баллдан төмен емес), ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер 70 баллдан төмен жинамауы тиіс («Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары» және «Ветеринария» топтарының мамандықтары үшін 60 баллдан төмен емес), соның ішінде бейіндік пәннен 7 баллдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 баллдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 баллдан төмен болмауы керек.

  • Шығармашылық емтихандарға өтініштер қабылдау ЖОО қабылдау комиссияларымен 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүргізіледі.

  • Шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында шығармашылық мамандықтар бойынша ары қарай оқуға жоспарланған ЖОО-да тапсырылады.

  • Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін арнайы емтихандарға қатысу бойынша өтініштер қабылдау ЖОО қабылдау комиссияларымен 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізіледі.  

  • Педагогикалық мамандықтар үшін арнайы емтихан 2-14 шілде аралығында Тәуелсіз мемлекеттік комиссия қызметін жүзеге асыратын ЖОО базасында тапсырылады (Облыс орталықтары мен қалалар: Астана, Алматы, Арқалық, Түркістан, Жезқазған және Семей).

  • Педагогикалық мамандықтар үшін арнайы емтихандардың нәтижелері білім беру гранттарын бөлу кезінде есепке алынады, төменгі шектік баллына әсер етпейді.

  • Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа өтініштер қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі. 

  • Конкурс 1-10 тамыз аралығында өткізіледі.

  • Білім беру грантының иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады www.testcenter.kz.  

  •  

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
DSC_5831
DSC06099
DSC06146
DSC06168
DSC06207
DSC06059
DSC06065
Слайд6

№249 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ  

 2017 ЖЫЛ

bottom of page