
№249 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
Тәуелсіз елімнің нышаны , құрметім саған, Рәміздер!
Мектеп-лицейімізде Рәміздер күніне байланысты «Тәуелсіз елімнің нышаны , құрметім саған, Рәміздер!» атты іс-шара болып өтті.
1 жүргізуші: Көк туым шалқып төрінде, елімнің бағы таймасын,
Жас болып жас мекенім,құлпырып гүлдей жайнасын
2-жүргізуші: Тәуелсіздігім- тәтті сый тәңірден келген, ағайын,
Бар қазағым бақыттың жиырма бесінші жылын тойласын!
1-жүргізуші: Азаттық аңсаған елімнің арайлап атқан күніне – 25 жыл
2-жүргізуші: Елім деп еміренген ақын-батырларымыздың күш-қуатымен келген тәуелсіздікті иемденген қазағымның бостандық аясында өмір сүріп келе жатқанына – 25 жыл
1-жүргізуші: Білектің күшімен,найзаның ұшымен алынған қамалымыз – Тәуелсіз елімнің күніне айбынды – 25 жыл
2-жүргізуші: Сан ғасырлар бойы ата-бабамыздың еркіндікті аңсап,бостандық жолында құрбан болып, өз ұрпағына тәуелсіздік туын берік ұстатқанына – 25 жыл
1-жүргізуші: Еліміздің дербестігін дәлелдейтін көк байрағымыздың аспан көгінде желбіреп тұрғанына – 25 жыл
хор: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне айтулы – 25 жыл
2-жүргізуші: Армысыздар,егеменді елімнің ерлігін ту еткен зиялы қауым!
1-жүргізуші:Бармысыздар,тәуелсіз елімнің елдігін мұрат еткен жалынды жастар!
2-жүргізуші: Бұл 25 жылда еліміздің елдігін әлем танып, Елтаңбамыз – дүние жүзі халықтарының назарында.
1-жүргізуші: Бұл 25 жылда небір байрақты бәсекелерде көк туымыз көкте желбіреп, қазақтай қайсар елдің тәуелсіздігін әлемге паш етті.
2-жүргізуші: Бұл 25 жылда әр қазақтың жүрегінен ойып орын алған Әнұранымыз – әлем көгінде әуелеп, қазақ даласын шаттыққа бөледі. Бұл –мемлекеттік Рәміздер.
1-жүргізуші: Мемлекеттік Рәміздер - бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың айнымас белгісі
2-жүргізуші: Рәміздер - асыл арманын арқалаған халқымыздың рухани болмысының жарқын бір көрінісі
1-жүргізуші: Рәміздер - бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың бiрлiгі мен ынтымағының айғағы
2-жүргізуші: Рәміздер - жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
1-жүргізуші: Есігі тарс жабылғандай мәңгі қара тозақтың
Аспанымда айналып тұр,аймалап тұр ғажап күн
Бостандықтың орнайтынын бодан болып жүріп-ақ
Сезген екен Шәмшісі мен Жұмекені қазақтың
2-жүргізуші: Бұл әуенді тебіреніп Әуезов те тыңдаған
Сүйсінгенін жасырмаған Нұрғисадай нұрлы адам
«Менін елім,менін елім» деп Нұрсұлтан Елбасы
Әрбір сөзін жүрегінің ырғағымен шыңдаған
Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
(5 «А», 8 «А» сынып оқушылары)
1-жүргізуші: Өздерінің білімдерімен де, өнерлерімен де ерекшеленіп, дарынымен дараланып, талантымен танылып жүрген 5 «А» және 8 «А» сыныптарының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеу мақсатында өткелі отырған «Тәуелсіз елімнің нышаны, құрметім саған, Рәміздер!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 -жүргізуші: Бексұлтан, Гимніміздің алтын күн аспаны,алтын дән даласы деп басталуында терең ой жатқандай сияқты
1-жүргізуші: Иа, Назия Алтай мен Атыраудың, Сарыарқа мен Жетісудің аралығындай созылып жатқан сайын даланы алтынға теңемегенде қайтеді?!
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың. Шалқыған ақ бидайды алтын дәнге теңемеген де қайтеміз?
1-жүргізуші: «Отан – отбасынан бастау алады» демекші, әрбір қазақ баласының жүрегінен «Менің отбасым», «Менің сыныбым», «менің мектебім», «менің жерім»,«менің елім» деген ерекше сезіммен айтылар ұранды сөздер орын алса, біз ұлт болып ұйсып, жұрт болып жұмылып, елдің нағыз патриотына айналатынымыз сөзсіз.
2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің мемлекеттік Гимніміз де осындай елін сүйген, жерін сүйген, халқын сүйген ерлеріміздің ұлы сезімдерінен туған десем артық айтқандық болмас еді.
1-Жүргізуші: Назия, Гимн демекші, осы гимн ұғымы қалай пайда болғанын, қандай мағына білдіретінін білемісің?
2-Жүргізуші: Әрине білемін,Бексұлтан. Бірақ қазір бізге ол жайында біздің достарымыз толық мәлімет беріп өтсе.
Гимн туралы айтылады (оқушылар шығады)
1-жүргізуші: Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз!
2-жүргізуші: Біз, Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары бұл күндері бүкіл еліміз болып сүйікті Гимнімізді шырқаймыз. Туымыз бен Елтаңбамызды мақтан етеміз.
1-жүргізуші:. Бұлар ел үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Менің елім – менің Қазақстаным! Жасасын қазақ елі!
Ән: «Қазақстан алға!» 5 «А» сынып оқушылары
(Сахитқызы Ұлту,Ғани Қанат)
1-жүргізуші: Әйнегі күн – шатыры аспан
Кең дала, төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан – Республикам менің!
2-жүргізуші: Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елін
Қайтпастай қайсар батырлар шыққан
Қазақстан – Республикам менің
1-жүргізуші: Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды.
2-жүргізуші: . Қазақстан мемлекетінің де тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ең маңызды міндет тұрды. Ол Қазақстан рәміздерін тағайындау еді. 1992 жылдан бастап еліміздің өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бекітілді.
1-жүргізуші: Бұл Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі. Басқа мемлекеттер рәміздері сияқты біз де өз
рәміздерімізден көп нәрсені аңғаруға болады. Рәміздердің әрқайсысының өзіндік шығу тарихы бар.
2-жүргізуші: Олай болса, Бексултан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жайында мәлімет білу үшін экранға назар аударайық
Экраннан видео көрсетіледі
1-жүргізуші: Назия расында Тудан қазақ елінің көк аспанның астындағы бейбіт сүйгіш халық екендігін, дала бүркітіндей еркін, қиядан-қияға самғайтындығын, ал алтын күн байлықты, дархандықты ұқтырғандай.
2-жүргізуші: Бұл Қазақстанның Рәміздері қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін асыл мұрасы
1-жүргізуші:Естеріңізде ме? ХХХ жазғы Олимпиада «тұманды альбион» жері Англияда өтіп жатқанда дүбірлі додада топ жарып, егемен еліміздің абыройын асқақтатқан спортшыларымыздың жетістіктеріне шаттанып үлгердік. Әсіресе алтыннан алқа тағынған толағайларымыздың арқасында Лондон төрінде 7 рет Көк Туымыз биікке көтеріліп, 7 рет Әнұранымыз шырқалғанда мен өзімді ерекше бақытты сезіндім. Бойымды бір мақтаныш кернеп, қазақ елінде өмір сүріп жатқаныма қатты қуандым.
2-жүргізуші: Иә, Бексұлтан мен де сол сәтте қатты қуанып, бала жүрегіммен елімді қатты сүйетінімді сезіндім. Көк туымыз көгімізде желбіреп тұрса, біздер әрқашан бақыттымыз.
1-жүргізуші:Жа-рай-сың, Назия!
1-жүргізуші: Назия, сен Ибрагим Ескендірдің орындаудағы ақын Алмас Ахметбекұлы « Көк тудың желбірегені» әнін білесің бе?
2-жүргізуші: бұл әнді білмейтін және естімеген қазақ та жоқ шығар?
1-жүргізуші: ендеше осы жыр шумақтарындағы
Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі –
Көк тудың желбірегені –деп, ақын Алмас Ахметбекұлы жастарды нағыз патриоттық рух пен тәрбиеге шақыра білді.
2-жүргізуші: Әрбір ер азамат өз елін қасық қаны қалғанша қорғау парызы. Қай заманда болмасын қазақ халқында тудың мәртебесі жоғары. Қанды шайқастарда ел қорғаны батырлар жанынан гөрі байрағының мәңгі желбіреуін артық көріп, туды қандай жағдай болмасын төмен түсірмеген.
Ән: «Көк тудың желбірегені» 8 «А» сынып оқушылары
1-жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу – өліммен тең болған. Өзімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін Әбілқайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан
2-жүргізуші: Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді.
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздері
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ
ДИРЕКТОРЫ

Нақан Күлзипа
Пержанқызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицей сайтына қош келдіңіздер!



